Digitex-тің біріктірілген хабарлау жүйелері және Platan-ның байланыс жүйелері: қамту аймағын жобалаудан диспетчердің экранына дейін.
Біріктірілген хабарлау жүйелері. DSE сериялы электрондық сирендер ластану қаупі жоғары, су тасқыны немесе лаңкестік әрекет қатері бар аудандардағы адамдарды хабардар етуге арналған, сондай-ақ өндірістік цехтарда, әскери базаларда, әуежайларда, құрылыс алаңдарында, өнеркәсіптік аймақтарда, стадиондарда және өзге де стратегиялық объектілерде қолданылады.
DSE электрондық сирендері: саңылаулы, рупорлы дыбыс зорайтқыштармен және сыртқы корпуста.
Аналогтық радиобайланыспен қатар NEXEDGE (Kenwood) және MOTOTRBO (Motorola) стандарттарындағы цифрлық радиобайланысты, сондай-ақ IP-желілерді (LAN/WAN/VPN) және GSM арқылы берілімді қолданатын хабарлау жүйесі.
Дыбыс қамтуының симуляторы. digitexARCHITECT таңдалған аумақта сирендердің нақты орналасуы бар жоба дайындауға мүмкіндік береді және сирен дыбысының естілу аймағын көрсетеді. Дыбыстың таралу нормалары, төңірегіндегі құрылыстың түрі, фондық шу және басқа факторлар ескеріледі.
АТС, VoIP және аудио
Platan байланыс жүйелері: телефон станциялары, VoIP және аудиожүйелер.